Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясында жария тыңдаулар өтті

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясында жария тыңдаулар өтті

Ағымдағы жылдың 17 тамызында облыстық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясында осы комиссияның төрағасы Марина Юрьевна Быкованың төрағалығымен жария тыңдаулар өтті. Қоғамдық тыңдауға облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ШҚО Қоғамдық кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері шақырылды. Күн тәртібінде «ALTAI-NEWS» медиа-орталығы» ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттің басым үлесін (51%) сату арқылы жекешелендіру» мәселесі болды. "ALTAI-NEWS" медиа орталығы ЖШС Бас директоры А. К. Дүйсенов жария тыңдаулардың күн тәртібі бойынша сөз сөйлеп, содан кейін қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Қойылған сұрақтар жекешелендіру рәсімінің заңдылық тұрғысына, мемлекеттің басым үлесін бәсекелестік ортаға беру кезінде компания мен оның қызметкерлерінің мүдделерін қорғауға, тендерлік комиссия құруға, инвесторға қойылатын талаптарға және т. б. қатысты болды. Жалпы, күн тәртібі мәселесі аудиторияның қызығушылығын тудырды, мәселені сындарлы және жан- жақты талқылау болды. Қатысушылардың әртүрлі пікірлері тыңдалды. Жария тыңдаулардың қорытындысы бойынша хаттама дайындалды.