Риддер қалалық мәслихат депутаттары кейбір білім беру объектілеріндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысымен танысты

Риддер қалалық мәслихат депутаттары кейбір білім беру объектілеріндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысымен танысты

600 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын: қазір мұнда ішкі өңдеу жұмыстары аяқталып, жиһаз жиналып, кіреберіс жолдары абаттандырылуда. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың тамыз айына жоспарланған.

№ 14 орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмысшылар фасадты нығайтып (тартпа жасап), қазір шатырды жөндеп жатыр. Келешекте ғимараттың фасады жаңартылып, мектептің өзі жаңа жиһазбен және заманауи оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.

https://www.gov.kz/memleket/entities/riddermaslikhat/press/news/details/1262653?lang=kk