
Сіздерді шын жүректен Астана күнімен құттықтаймыз!
Астана бүгінде еліміздің басты қаласы ғана емес, сонымен қатар тәуелсіздіктің, жасампаз еңбектің және республикамыздың тұрақты өсуінің символы болып табылады. Өзінің қалыптасу жылдарында елордамыз маңызды мемлекеттік бастамалардың, бірегей сәулет өнерінің, бай мәдениеттің және қоғамдық өмірдің орталығына айналды.
Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, отбасыларыңызға амандық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Елордамыздың өркендеуі Қазақстан Республикасының тұрақтылығының, нығаюының және сенімді дамуының кепілі болсын!
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты