Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары мәслихаттары аппараттарының депутаттары мен қызметкерлеріне арналған практикалық тренинг

Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары мәслихаттары аппараттарының депутаттары мен қызметкерлеріне арналған практикалық тренинг

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен мәслихаттар арасындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес үстіміздегі жылы мәслихаттар депутаттары мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесі жалғасуда.
2026 жылғы 11-12 маусымда Парламентаризм институты мен Парламентаризмді дамыту қорының сарапшылары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы бағдарламалық кеңсесінің қолдауымен, сондай-ақ мамандарды тарта отырып, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандары мәслихаттарының депутаттары мен аппараттарының қызметкерлері үшін Қазақстандағы жергілікті өкілді органдардың әлеуетін нығайтуға бағытталған практикалық тренингтер өткізді.
Екі күндік тренинг дәрістерді, топтық кейстерді және мәслихат отырыстарын модельдеуді қоса алғанда, интерактивтік және тәжірибеге бағытталған әдістерді пайдалана отырып әзірленді.
Оқытудың мақсаты - заңнаманы білуді тереңдету, азаматтардың өтініштерін талдау дағдыларын дамыту, жария есептілік құралдарын енгізу, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін басқару және коммуникация саласында құзыреттерді қалыптастыру.
Практикалық тренингке облыстың аудандық және қалалық мәслихаттарының депутаттары мен аппараттарының қызметкерлері арасынан 42 адам қатысты.
Жалпы, қатысушылардың пікірінше, семинар пайдалы әрі өзекті болды. Алған білімдерді аймақтардағы өзекті мәселелерді шешу және өмір сүру сапасын жақсарту үшін облысымыздың халқының игілігіне қолдану жоспарлануда.