
Үлкен Нарында К.Дамитов атындағы орта мектебінің ұжымымен есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында аудан орталығы мен білім беру саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Мектеп педагогтары мен қызметкерлері жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын, пікірлері мен бастамаларын айтты.
Көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынды. Әрбір өтініш бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, қажетті шаралар қабылданатын болады.
Мектеп ұжымына ашық диалог, белсенді азаматтық ұстанымы және ауданның дамуына жанашырлық танытқаны үшін алғыс білдіремін.
https://www.instagram.com/zhanbolat.kazanov/