Облыстық мәслихат депутаты С. Бежецкийдің Өскемен тұрғындарымен кездесуі

Облыстық мәслихат депутаты С. Бежецкийдің Өскемен тұрғындарымен кездесуі

Қалалық кітапханада Өскемен қаласының тұрғындарымен, оның ішінде Үлбі металлургия зауытының ардагерлерімен кездесу өтті.

Әңгімелесу барысында екі негізгі мәселе қаралды: Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясын түсіндіру және атқарылған жұмыстар туралы сайлаушылар алдында есеп беру.

Еліміздің Негізгі Заңына енгізілген негізгі өзгерістерді  «бұрын қалай болды/ қазір қалай» форматында таныстырдым. Адам құқықтарын қорғауды күшейтуге, әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін кеңейтуге, сондай-ақ азаматтардың мемлекетті басқарудағы рөлін арттыруға ерекше назар аудардым.

Кездесудің екінші бөлімінде AMANAT партиясының өңірлік Жол картасын іске асыру туралы ақпарат ұсынып, қол жеткізілген нәтижелер туралы айттым және проблемалық мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталдым.

Кездесуге қатысушылар жоғары белсенділік танытты. Оларды экология, қоғамдық көлік қозғалысы және аула аумақтарын абаттандыру мәселелері қызықтырды.

Кездесудің ашық форматы қала тұрғындарына оларды толғандыратын сұрақтарға жауап алуға және Шығыс Қазақстан өңірінің дамуына қатысты өзекті тақырыптарды талқылауға мүмкіндік берді.