
Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А.Сақтағанов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, облыстық басқармалардың, департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері қатысты.
Қалалар мен аудандардың әкімдері сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.
Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимінде (LIVE) Интернет желісінде көрсетілді. Трансляцияға сілтемелер облыс әкімдігі мен мәслихатының сайттарында орналасқан.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1. 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту:
2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және Шығыс Қазақстан облысының салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндама.
Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама.
Дархан Амангелдіұлы - Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.
Шығыс Қазақстан облысының даму жоспарын іске асыру туралы баяндама.
Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
2. Шығыс Қазақстан облысында цифрландыру және жасанды интеллект жобаларын іске асыру туралы.
Қайрат Болатұлы Бимағамбетов - Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы.
3. Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
Марина Юрьевна Быкова – тұрақты комиссия төрағасы.
4. Әртүрлі мәселелер:
1) «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/206-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) «Сегізінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларын сайлау туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1/4-VIІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) «Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12/111-VІI шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
4) Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы;
5) «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі өңірлік жоспарын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 20/165-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
6) «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 5/39-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
7) «Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 14 қарашадағы № 6/87-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
8) «Облыстық жер комиссиясы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 19/166-VІI шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
9) Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы;
10) «Қылмыстық жазаны және қылмыстық –құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 17/247-ІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
11) «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 2/15-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
12) Депутат С.М.Әубәкірова туралы;
13) «Шығыс Қазақстан облысының басқару сұлбасы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 12/149-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
14) «Құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 13/107-VIIІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/live/SakNQKYpVmA