
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті жиырма сегізінші сессиясы 2026 жылғы 29 сәуірде сағат 10.00-де облыс әкімдігі ғимаратында (М.Горький көшесі, 40, 1-қабат) өтеді.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 9.00-ден басталады.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
1. 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту:
2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және Шығыс Қазақстан облысының салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндама.
Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама.
Дархан Амангелдіұлы - Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.
Шығыс Қазақстан облысының даму жоспарын іске асыру туралы баяндама.
Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
2. Шығыс Қазақстан облысында цифрландыру және жасанды интеллект жобаларын іске асыру туралы.
Қайрат Болатұлы Бимағамбетов - Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы.
3. Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
Марина Юрьевна Быкова – тұрақты комиссия төрағасы.
4. Әртүрлі мәселелер.
Сессияны дайындауға жауапты адам: Олег Васильевич Чугунков, жұмыс телефоны 8(7232)71-31-94, электрондық пошта мекенжайы m.vko@maslihatvko.gov.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының төрағасы Д. Рыпаков