
2026 жылғы 1 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оның барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелері қаралды.
Отырыс барысында қатысушылар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылап, тиісті ұсыныстар әзірледі. Атап айтқанда, тексеру комиссиясының мемлекеттік мекеменің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бастамалары, сондай-ақ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының көше-жол желілерін күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыс түрлерінің жіктелуін жетілдіруге қатысты ұсыныстары қаралды.
Денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінді. Облыстың ауылдық жерлерінде және елді мекендерінде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуге бағытталған жоба қаралды.
Сондай-ақ облыс әкімі аппаратының құқық бұзушылықтың алдын алуға тартылған азаматтарды ынталандыру, Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына енгізілген өзгерістерге қатысты ұсыныстары да талқыланды.
Өңірдегі трансплантацияны дамыту жайы талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.
Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесі жұмыс комитеттерінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді.