
Сессияда "Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 31/2-VIII "Глубокое ауданының 2026-2028 жылдарға арналған кенттері мен ауылдық округтерінің бюджеттері туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы" мәселе қаралды.
Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д. К. Қалижаров баяндама жасады.
Бюджет заңнамасының нормаларына сәйкес 2026 жылға арналған 4 деңгейдегі бюджеттердің параметрлерін нақтылау үшін негіз болды:
- 4 деңгейдегі бюджеттердің бос қалдықтарын бөлу;
- 2026 жылға арналған жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер көлемін өзгерту.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар 2026-2028 жылдарға арналған Глубокое ауданының кенттері мен ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы тиісті шешім қабылдады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/glubokoe-maslihat/press/news/