Облыстық мәслихат депутаты Жанболат Казанов азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындарды толғандырған бірқатар өзекті мәселелерді тыңдады

Облыстық мәслихат депутаты Жанболат Казанов азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындарды толғандырған бірқатар өзекті мәселелерді тыңдады

Қабылдау барысында қала тұрғындары түрлі әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді көтерді.

Кездесу барысында негізгі көтерілген тақырыптардың қатарында үлестік құрылыс арқылы сатып алынған, алайда әлі күнге дейін аяқталмаған тұрғын үйлердің мәселесі, азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар, сондай-ақ тозығы жеткен қалалық жолдардың жағдайы болды.

Сонымен қатар тұрғындар Ертіс өзені арқылы өтетін көпірді жөндеу мәселесіне ерекше назар аударды. Бұл мәселе қала тұрғындары үшін маңызды екені айтылып, тиісті шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.

Қабылдау барысында көтерілген барлық өтініштер мен ұсыныстар депутаттың бақылауына алынды. Әрбір мәселе бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті жұмыстар жүргізіліп, нақты шешімдер қабылданатын болады.

 

https://www.instagram.com/zhanbolat.kazanov/