Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, елдің ең басты байлығы – адам. Сондықтан адами капиталды дамытуға бағытталған инвестициялар жыл сайын артып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, елдің ең басты байлығы – адам. Сондықтан адами капиталды дамытуға бағытталған инвестициялар жыл сайын артып келеді

Қазақстан электронды үкімет пен қаржылық технологияларды дамыту бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Соның нәтижесінде еліміз адам капиталының даму индексі бойынша 160-тан астам мемлекет арасында 42-орынға көтерілді.

Мемлекет басшысы халықаралық аренадағы еліміздің жауапкершілігі мен азаматтарға деген қамқорлығына да ерекше тоқталды. Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты соңғы апталарда қауіпті аймақтардан 9 мыңға жуық қазақстандық елге аман-есен оралды. Бұл Қазақстан өз азаматтарын ешқашан қиын жағдайда қалдырмайтынын тағы бір рет дәлелдеді.

Президент жаңа Конституция жобасының халықтық сипатқа ие екенін атап өтті. «Мемлекет адам үшін» қағидаты жаңа Ата Заңның басты негіздерінің бірі болып табылады. Құжатта адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, білім мен ғылымды дамыту, инновацияларды қолдау және зияткерлік меншікті қорғау сияқты маңызды бағыттар айқын көрсетілген.

Бүгінгі таңда еліміздің алдында тұрған негізгі міндеттер – ұлттық бірлікті сақтау, саяси реформаларды жүзеге асыру, экономиканы нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру.

Бірлік пен жауапкершілік арқылы біз Әділетті, Қуатты және Қауіпсіз Қазақстанды бірге құра аламыз.

https://www.instagram.com/t.a.azekenov/