
Форум жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен келген мәслихат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Елді саяси жаңғырту бағытын іске асыруда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін күшейту форумның негізгі тақырыбы болды. Президент мәслихаттарды өкілді билік жүйесінің іргетасы және мемлекет пен қоғам арасындағы тікелей байланыстың негізгі құралы ретінде белгіледі.
Мемлекет Басшысы жергілікті бюджеттердің қалыптасуы мен орындалуына мәслихаттардың бақылауын күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, Президент депутаттарға халықпен жұмысты жандандыруды және жергілікті жерлерде инфрақұрылымдық және әлеуметтік мәселелерді шешуге назар аударуды тапсырды.