В Астане состоялась встреча женщин-лидеров под девизом «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» в поддержку новой Конституции

В Астане состоялась встреча женщин-лидеров под девизом «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» в поддержку новой Конституции

Ғылым мен инновацияның Конституцияға басымдықтардың бірі ретінде енгізілуі елдің білім экономикасын таңдайтынын білдіреді. Бұл туралы "Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректоры, PhD докторы Сәуле Рахметуллина Астанада Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен  өткен "Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік" атты кездесуде айтты.

Өз сөзінде ол Қазақстандағы ғылым мен инновация өте қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, қазақстандық ғалымдар адамдардың өмірін сақтап қалуға және олардың сапалы өмір сүруіне көмектесетін арнайы омыртқааралық кейдж әзірледі. Атап айтқанда, осындай импланттарды қолдана отырып, жүз елу сәтті операция жасалды.

"Жаңа Конституцияда білім, ғылым және инновацияларды бекіту Қазақстанның жарқын болашақты таңдайтынын білдіреді. 15 наурызда барлығымыз бірге ғылым, білім, адами капитал мен жарқын болашақты таңдайтын боламыз", - деп атап өтті Сәуле Рахметуллина.

 

https://www.instagram.com/rakhmetullinasaule/