Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің отырысына қатысты

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің отырысына қатысты

2026 жылғы 27 ақпанда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің «Жаңа Конституция – ұзақ мерзімді дамудың берік негізі» тақырыбындағы отырысы болып өтті. Оның жұмысына Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы, Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары қатысты.

Отырыста сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев мемлекетіміздің одан әрі қарышты дамуы үшін жаңа Конституция жобасының стратегиялық маңызын атап өтті және алдағы жұмыстың негізгі міндеттерін белгіледі.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, бірқатар облыстардың мәслихаттарының төрағалары конституциялық реформаның негізгі бағыттары бойынша пікірлерін білдірді және аймақтарда Конституция жобасын түсіндіру үшін жүйелі жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.