Облыстық мәслихат төрағасы Д. Рыпаковтың Риддер ЖЭО қызметкерлерімен және Риддер қаласының тұрғындарымен кездесуі өтті

Облыстық мәслихат төрағасы Д. Рыпаковтың Риддер ЖЭО қызметкерлерімен және Риддер қаласының тұрғындарымен кездесуі өтті

2026 жылғы 26 ақпанда облыстық мәслихат төрағасы Д. Рыпаковтың Риддер ЖЭО қызметкерлерімен және Риддер қаласының тұрғындарымен кездесуі өтті, оның барысында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі алдағы республикалық референдум талқыланды

Конституциялық реформа жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі ретінде Д.Рыпақов Негізгі заң жобасы азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және сарапшылар қауымдастықтығының қатысуымен кеңінен талқылана отырып әзірленгенін атап өтті. Осындай жұмыс форматы мемлекеттігіміздің кемелденгенін және оның демократия мен ашықтық қағидаттарына адалдығын көрсетеді.

Құжат келіп түскен ұсыныстарды жан-жақты талдаудың нәтижесінде дайындалды және еліміздің құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Онда терминологиялық аппаратты жаңарту, заманауи және түсінікті құқықтық іргетасты қалыптастыру, мемлекет институттарын нығайту және адами капиталды дамыту тәрізді заманның өзекті міндеттері көрініс тапты.

Жобада ұзақ мерзімді дамудың негізгі факторлары ретінде білім беру, ғылым және инновация мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан әрбір азаматтың біліміне, ілгерілеуіне және әлеуетін ашуға негізделген стратегияны біртіндеп қалыптастырады.

"Барлық азаматтарға жоғары азаматтық жауапкершілік танытуды, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасымен егжей-тегжейлі танысуды және республикалық референдумға қатысуды ұсынамын.

Әрбір азамат  белсенді және саналы түрде қатысқан кезде ғана біз мемлекеттілігімізді одан әрі нығайтып, еліміздің тұрақты дамуын және әділетті, құқықтық, заманауи мемлекет құруды қамтамасыз ете аламыз" - деді Д. Рыпаков.