
2026 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев ел аймақтары бойынша жұмыс сапары аясында облыс орталығында болды. Сапардың негізгі мақсаты - жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаларын түсіндіру және үстіміздегі жылғы 15 наурызда өтетін жалпы республикалық референдумға дайындықты талқылау.
Мәулен Әшімбаев мәслихаттардың, этномәдени бірлестіктердің, жастар мен еңбек ұжымдарының өкілдерімен диалог барысында Конституциялық реформа елдің саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталғанын, онда адамның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде бекітілетінін атап өтті.
Сондай-ақ Негізгі заң жобасына енгізілген, азаматтардың денсаулығын қорғауды күшейтуге және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған жаңа экологиялық нормаларға ерекше назар аударылды.
Спикер Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі «Лу Бань» шеберханасында және «Автомобильдердің SMART-технологиясы» зертханасында болып, Қазақстанның экономикалық егемендігі үшін ғылым мен өндірісті интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында Сенат Төрағасы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын дауыс беру күні белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.