Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов бастаған Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Барнауылда болып қайтты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов бастаған Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Барнауылда болып қайтты

Барнаулға жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы бірқатар өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және мәдени нысандарды, білім беру мекемелерін және ғылыми мекемелерді аралады.

Тараптар өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, білім және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты әріптестікті кеңейту, екі өңірдің кәсіпорындары арасындағы іскерлік байланыстарды жандандыру және бірлескен инвестициялық жобаларды пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Одан әрі де делегациялармен алмасуға және ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізуге әзір екендіктері айтылды.

Алтай өлкесінің губернаторы Виктор Томенко мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов арасында ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды. Сондай-ақ, сапар барысында Алтай аймақтық заң шығару жиналысының төрағасы Александр Романенко мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков арасында шекара маңындағы екі өңірдің өкілді органдары арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.

Кездесу конструктивті және іскерлік атмосферада өтті. Тараптар қол жеткізілген уағдаластықтар Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай өлкесі арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.