
2026 жылғы 16 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығында "Біз - жаңа халықтық Конституция үшін" атты республикалық жастар форумы өтті, сондай-ақ "Көшбасшылар мектебі" жастар жобасы іске қосылды. Іс-шараға қатысушылар жаңа Конституцияға қолдау білдіріп, құжат қазіргі және болашақ ұрпақтың тұрақты дамуына негіз қалайтынын атап өтті. Талқылау барысында "Ассамблея жастары" РҚБ өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен студенттер ассамблеяларының жастары баяндама жасады.
Сөз сөйлеу барысында облыстық мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков жаңа Конституция жобасы цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау туралы норманы алғаш рет енгізіп отырғанын атап өтті.Аталған норма өмірі мен жұмысы интернетпен тығыз байланысты жас ұрпақтың құқықтарын сенімді қорғайтын болады. Желідегі дербес деректерді, цифрлық активтерді қорғау конституциялық нормаға айналады.
Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде тұжырымдамалық өзгерістер мемлекеттің адамға бағдарлануын арттыруға, Қазақстан халқының өзекті құндылықтары мен қағидаттарын көрсетуге, сондай-ақ саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімі Негізгі Заңның баптары жастардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын арттыруға бағытталғанын баса айтты.
Форум барысында облыстық Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры Равиль Юнусов, Студенттік Ассамблеялардың жетекшісі Александр Урмашов, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі жанындағы "Еркіндік рухы" жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі Алина Калишева, Риддер қаласындағы "Ассамблея жастары" өкілдігінің жетекшісі Эдуард Рынк сөз сөйледі.
Форумға қатысушылар жаңа Конституция жобасында көрсетілген шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту, авторлық құқық пен цифрлық қауіпсіздікті қорғау, құқықтық қорғау және әділеттілік кепілдіктері, экологиялық жауапкершілік мәселелері туралы айтып берді.