2026 жылғы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХVІІ сессиясы өтті

2026 жылғы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХVІІ сессиясы өтті

Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағанов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың, департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері қатысты.

Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.

Сессия отырысында келесі мәселелер қаралды:

1. «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/206-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. «Шығыс Қазақстан облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/210-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Сессия алдында облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІ сессиясына енгізілген «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/206-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын қарау және талқылау бойынша мәслихаттың уақытша комиссиясының отырысы болып өтті. Қаралған шешім жобасы бойынша уақытша комиссияның қорытындысы қабылданды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.