
Облыстық мәслихат депутаты Сергей Александрович Попов кезекті қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдады.
Қабылдау барысында Марқакөл ауданының тұрғындары Тосқайың, Берел және Қалжыр ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункттерді санитарлық автокөліктермен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Қазіргі қолданыстағы көліктердің тозығы жетіп, жиі істен шығуына байланысты науқастарды тасымалдау қиындық туғызып отыр. Ауыл тұрғындары медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жаңа санитарлық көліктер қажет екенін жеткізді.
Сонымен қатар, Үлкен-Нарын ауданының тұрғындары Ново-Хайрузовка және Көктерек ауылдарындағы ПАФ ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізуге ықпал етуді сұрады. Аталған нысандардың жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр.
Көтерілген барлық мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолданатын болады. Өтініштер бақылауға алынып, оларды оң шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіледі.
https://www.instagram.com/sergey_popov0804/