Қымбатты достар!

Қымбатты достар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Жыл соңы - бұл  өтетін жылды қорытындылап, келесі жылға жоспар құратын және жақсылыққа сенетін уақыт. Өтіп бара жатқан 2025 жыл маңызды оқиғаларға толы болды және  біздің біріге отырып ең қиын міндеттерді шеше алатынымызды тағы да дәлелдеді.

2026 жыл біздің аймақ үшін жаңа мүмкіндіктер мен сенімді түрде даму жылы болсын. Әр үйде бала күлкісі естіліп, әрбір отбасыда махаббат пен түсіністік орнасын.

Жаңа жылда Сіздерге мықты  денсаулық, бақыт, сарқылмас қуат және барлық жоспарларыңыздың жүзеге асуын тілейміз!

 

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты