
Өйткені бұл — көптен күткен армандар орындалатын уақыт. Жақсы дәстүрге сай, мен жыл сайын әріптестеріммен бірге қаламыздың кішкентай тұрғындарын қуантуды, оларға мерекелік, жаңа жылдық көңіл күй сыйлауды мақсат етеміз. Биыл №11 аумақтық басқару орталығында балаларға арналған мерекені ұйымдастыруға, сондай-ақ «AMANAT» партиясының облыстық филиалында ерекше балалар мен көпбалалы отбасылардың балаларын құттықтауға көмектестік.
Жаңа жыл — қуанышқа, мейірімге, болашаққа деген үмітке толы мереке. Келіп жатқан 2026 жыл барлық балалар үшін армандар орындалатын, шаттыққа толы сәттердің жылы болсын. Баршаға қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйласын!