
Самар ауданының Миролюбовка ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылысы аяқталуға жақын. Ал Жұмба ауылында спорттық модульдің құрылысы жалғасуда. Жуырда бұл көптен күткен әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп, халық игілігіне қызмет етеді.
Шалғай ауылдардағы өмір жайлы әрі қауіпсіз болуы тиіс, сол үшін барлық жағдай кезең-кезеңімен жасалуда. Самар ауданы әкімінің айтуынша, Жұмба ауылында соңғы 40 жылдан астам уақыт ішінде әлеуметтік нысандар салынбаған. Жаңа спорт модулінде киім ауыстыратын бөлме, душ кабиналары және спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда нысанды электр желісіне қосу және жылумен қамту мәселелері шешілуде.
Мұның барлығы ауылдағы өмір сапасының артуына оң әсерін тигізері анық.