Жаңа жылдық қуаныш жалғасуда

Жаңа жылдық қуаныш жалғасуда

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының ШҚОФ жанындағы «Әйелдер қанаты» өкілі Сәуле Рахметуллина «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жаңа жыл қарсаңында балаларға қуаныш сыйлап, оларға жылулық пен қамқорлық таныту. Балалардың мерекелік көңіл күйін көтеру, олардың жүзінен күлкі көру – мұндай бастамалардың басты нәтижесі.

Отбасылық құндылықтарды сақтау, балалардың құқығын қорғау және оларға қолайлы орта қалыптастыру – «AMANAT» партиясының негізгі ұстанымдарының бірі. Әрбір бала мерекелік қуанышты сезініп, өзін қоғамның маңызды мүшесі ретінде сезінуі тиіс.

 

https://www.instagram.com/rakhmetullinasaule/ 

https://www.instagram.com/amanatshygys/