2025 жылғы 24 желтоқсанда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті

2025 жылғы 24 желтоқсанда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті

2025 жылғы 24 желтоқсанда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Жигитаев Тимур Мамырқанұлы, бөлімдер мен басқарма басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Сессияда Шемонаиха ауданының қаласы, кенттері мен ауылдық округтерінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттері бекітілді. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Самойлова А.М. бюджеттерді қалыптастыру көздері мен функционалдық топтар бойынша жоспарланған шығыстар туралы ақпарат ұсынды. 

2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25/3-VIII «Шемонаиха ауданы қаласының, кенттерінің және ауылдық округтерінің 2025–2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді. 

Басқа да бірқатар мәселелер қаралып, олар бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды. 

Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы пленарлық отырыс түрінде өтіп, Instagram әлеуметтік желісінде онлайн трансляция ұйымдастырылды: https://www.instagram.com/p/DSolrN6jCPh/?hl=ru

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/shemonaihamaslikhat/press/news/