«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанаты» өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттары «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында балаларды құттықтап, тәтті сыйлықтар табыстады

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанаты» өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттары «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында балаларды құттықтап, тәтті сыйлықтар табыстады

Балалар күлкісі – басты құндылық: «Бақытты отбасы» жобасы аясындағы игі бастама.
«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанаты» өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттары «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында балаларды құттықтап, тәтті сыйлықтар табыстады.
Іс-шараның басты мақсаты — әрбір балаға қуаныш сыйлау, отбасыларға қолдау көрсету және қоғамда мейірім мен жанашырлық құндылықтарын нығайту. Партияның әлеуметтік жобалары аясында әрбір нысаналы топқа ерекше көңіл бөлініп, нақты қолдау мен қамқорлық көрсетуге басымдық берілуде.
Шараға облыстық мәслихат депутаттары Сомов Дмитрий Олегович, Уразбаев Ренат Саяхатұлы, Быкова Марина Юрьевна сондай-ақ «AMANAT» партиясы ШҚО филиалы жанындағы «Әйелдер қанаты» жетекшісінің орынбасары Сафиоллинова Райфа Сафиолиновна қатысты.
Облыстық мәслихат депутаты Марина Быкова өз пікірінде мұндай бастамалардың маңызын атап өтті.
«Балалардың жүзіндегі қуаныш — біз үшін ең үлкен бақыт. Отбасыларды қолдау, әсіресе балаларға жылулық пен қамқорлық көрсету — партиямыздың әлеуметтік саясатындағы басым бағыттардың бірі. Осындай игі шаралар қоғамда сенім мен бірлікті арттырады», — деді Марина Юрьевна

 

https://www.instagram.com/amanatshygys/

https://www.instagram.com/marina_bykova_vko/

https://www.instagram.com/dmitriisomov16/ 

https://www.instagram.com/renat.urazbayev/