
Сессия жұмысына Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Данияр Базаралыұлы Жунусов, құқық қорғау органдарының, басқармалар мен бөлімдердің басшылары, білім беру ұйымдары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, ауыл шаруашылығы құрылымдарының, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Сессияда Шемонаиха ауданының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді.
Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасының есебі тыңдалып, мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуы туралы Шемонаиха аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы С.Ю.Миненко баяндама жасап, 2026–2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және пайдалану жоспары 8 ауылдық, 2 кенттік округ пен Шемонаиха қаласы бойынша әзірленгенін атап өтті.
Сессияда бірқатар өзге де мәселелер қаралып, олар бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.
https://www.gov.kz/memleket/entities/shemonaihamaslikhat/press/news/