2025 жылғы 18 Желтоқсанда Глубокое аудандық мәслихатының кезекті отызыншы сессиясы өтті

2025 жылғы 18 Желтоқсанда Глубокое аудандық мәслихатының кезекті отызыншы сессиясы өтті

2025 жылғы 18 желтоқсанда Глубокое аудандық мәслихатының кезекті отызыншы сессиясы өтті. Отырыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәслихаттың ұйымдастырушылық қызметінің негізгі мәселелері қаралды.

Сессия жұмысына аудан депутаттары, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, БАҚ өкілі қатысты.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша «2026-2028 жылдарға арналған Глубокое аудандық бюджеті туралы» Литвиненко Евгения Николаевна баяндама жасады, ол бюджет жобасының негізгі параметрлерін, қаржыландырудың басым бағыттарын және алдағы үш жылдық кезеңге жоспарланған шығыстарды ұсынды.

Екінші мәселе Глубокое аудандық мәслихат төрағасының мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі қаралды. Алтай Советханұлы Қалигожин баяндама жасап, депутаттарды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың жұмысы, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарау туралы хабардар етті.

Отырыс барысында депутаттар Глубокое аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітуге және Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 наурыздағы № 31/11-VI «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізуге қатысты мәселелерді де қарады.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/glubokoe-maslihat/press/news