Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

Шығыс Қазақстан облыстық  мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы 2025 жылғы 9 желтоқсанда сағат 11.00-де облыс әкімдігі ғимаратында (М.Горький көшесі, 40, 1-қабат) өтеді.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 10.00-ден басталады.        

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. Облыстық бюджет және облыс аудандары бюджеттері арасындағы 2026–2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы.

Нұрсұлтан Шаттықұлы Маратов -  Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасының басшысы.

2. 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

Нұрсұлтан Шаттықұлы Маратов -  Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасының басшысы.

3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау жөніндегі перспективалық жоспарын іске асыру туралы есебі.

Төлеген Хайруллаұлы Жігітаев - Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы.  

4. Күршім ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру барысы туралы.

Мейіржан Қанатбекұлы Әлбеков -  Күршім ауданының әкімі.

5. Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Тимур Русланович Виситаев – тұрақты комиссия төрағасы.

6. Әртүрлі мәселелер.

Сессияны дайындауға жауапты адам: Олег Васильевич Чугунков, жұмыс телефоны 8(7232)71-31-94, электрондық пошта мекенжайы info@vkomaslihat.gov.kz.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                  Д. Рыпаков