
Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Шәпенов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Қ.Сәрсенбаева, кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының м.а. Ә.Ж.Қасымбеков, ауылдық округі әкімідері ZOOM желісі арқылы қатысты, БАҚ өкілдері қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн режимінде жарияланды. Сессияда Катонқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 23/267-VІII «2025-2027 жылдарға арналған Катонқарағай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Қ.Сәрсенбаева баяндама жасады. Катонқарағай ауданында оңайтылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезіндегі салық мөлшерін төмендету туралы аудан әкімінің орынбасары А.А.Шапеновтың түсіндіріп өтті. Сессияда әр түрлі мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды. Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXII сессиясына үзіліс жарияланды.