
2025 жылғы 26 қарашада Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Тимур Мамырканович Жигитаев, бөлімдер мен басқармалардың басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«2025–2027 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының бюджеті туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №25/2-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Самойлова А.М. сөз сөйледі. Ол 2025 жылға аудандық бюджетті нақтылау жөнінде депутаттарға ақпарат берді.
Сондай-ақ, жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға төмендету туралы және 2024 жылғы 29 наурыздағы №15/5-VIII «Шемонаиха ауданында бөлшек сауда салығының арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы» шешімнің күшін жою туралы шешімдер қабылданды.
Березовка, Большая Речка, Зевакино, Красная Шемонаиха, Октябрьское, Пруггерово, Рассыпное және Сугатовка ауылдарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бекітілді.
Қаралған барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.
Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы Instagram әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастырылып, жалпы отырыс форматында өткізілді:
https://www.instagram.com/reel/DRgfcGeDIag/?igsh=MWo0cnFrM3lwMGVhdg==
https://www.gov.kz/memleket/entities/shemonaihamaslikhat/press/news/