2025 жылғы 18 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХV сессиясы өтті

2025 жылғы 18 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХV сессиясы өтті

Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағанов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың, департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері қатысты.

Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.

Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн режимінде (LIVE) көрсетілді. Трансляцияға сілтемелер облыс әкімдігі мен мәслихатының сайттарында орналасқан.

Сессия отырысында келесі мәселелер қаралды:

1. «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/142-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтiп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/98-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

3. Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы.

4. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары: Т.А. Әзекенов, С.В. Бежецкий А.Х. Есембұлов С.Ж. Рахметуллина, Д.О. Сомов марапатталды.

Сессия алдында облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХV сессиясына енгізілген «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/142-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын қарау бойынша мәслихаттың уақытша комиссиясының отырысы болып өтті. Қаралған шешім жобасы бойынша уақытша комиссияның қорытындысы қабылданды.