
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1, 5-тармақтарына және 11-бабының 1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында келесі жобалар қаралып, талқыланды және ұсыныстар берілді:
- «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/142-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;
- «Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 05 мамырдағы № 109 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасы;
- «Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы;
- «Шығыс Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ставкаларын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы.