
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы 2025 жылғы 18 қарашада сағат 11.00-де офлайн форматта облыс әкімдігі ғимаратында (1-қабат) өтеді.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 10.00-ден басталады.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
1. «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/142-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтiп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/98-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы.
4. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
Сессияны дайындауға жауапты адам: Олег Васильевич Чугунков, жұмыс телефоны 8(7232)71-31-94, электрондық пошта мекенжайы info@vkomaslihat.gov.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының төрағасы Д. Рыпаков