
4 қараша облыстық мәслихат депутаттары және әлеуметтік-мәдени даму, әдеп және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері - С. Рахметуллина, С. Аубакирова,
С. Попов пен С.Кривицкая — Өскемен қаласы әкімдігінің Белоусовка кентіндегі «Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ-де болды.
Үйсіздерді әлеуметтік бейімдеу және мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру мәселелері талқыланды. Орталық директоры А. А. Бельгибаев негізгі қиындықтарды атап өтті — құжаттарды рәсімдеу және «әлеуметтік патрульдің» мамандандырылған көлігінің болмауы. Бұл қаладан 25 км қашықтықта орналасқан орталыққа үйсіздерді алып жүруді қиындатады, бұл облыс орталығында баспана ашу мәселесін өзекті етеді.
Сапар қорытындысы бойынша депутаттар облыстық мәслихат төрағасы Д. Рыпаковтың және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен азаматты қолдау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмі мен ұсыныстарын әзірлеу үшін комиссия отырысына бастамашылық жасады.