
Құрметті жерлестер! Марқакөл ауданында көпқабатты үйлерді жаңарту жұмыстары жүзеге асырылуда. Талай жыл қараусыз қалған үйлерді заман талабына сай жаңғырту аудан келбетін ажарландыра түсері анық. Қазіргі таңда көпқабатты үйлердің шатыры ауыстырылып, қасбетін қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылуда. Жуырда арнайы құрылған комиссия мүшелері нысандарды аралап, жұмысты күн суымай аяқтау керектігін тапсырды. Біз де осы жұмыстарды өз бақылауымызда ұстаймыз. Ал қайта құрылған ауданда осы бағыттағы игі істер әлі де жалғасады. Мұның барлығы халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жасалуда.