
Әлеуметтік сала қызметкерлері күніне арналған іс-шара аясында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» қалалық аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ директоры Сәния Мағауқызы Әубәкіроваға «Өскемен қаласының дамуына қосқан айрықша үлесі үшін» төсбелгісі табысталды.
Сәния Мағауқызын шын жүректен құттықтаймыз және зор денсаулық, амандық және кәсіби қызметіне одан әрі табыс тілейміз.