
Республика күні қарсаңында Самар ауданы Құлынжон ауылында алғаш рет жергілікті әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл ерекше күтім мен қолдауды қажет ететін балалар мен ересектерге арналған медициналық нысан. Орталық мүмкіндігі шектеулі балаларды, психоневралогиялық ерекшеліктері бар ересектерді, I және II топтағы мүгедектерді қабылдайды. Мұнда психолог, логопед, дефектолог, реабилитолог, дәрігерлер және емдік дене шынықтыру нұсқаушы маманы жұмыс істейді.
Облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген қаржы мен қолдаудың арқасында бұрынғы балабақша ғимараты толық жөндеуден өтіп, мекемеге шалғай аудандардағы балаларды тасымалдау үшін «Газель» автокөлігі берілді.
Бұл «АМАNАТ» партиясының бастамасы мен облыс билігінің қолдауының арқасында жүзеге асқан игі істің бір мысалы. Сонымен қатар сайлауалды бағдарламамда көрсетілген негізгі басымдықтың бірі. Біз осы бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да одан әрі жалғастырамыз.