
Ұлан ауданы Таврия ауылында бес жыл күткен заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды.
Бұл нысан құрылысы ұзаққа созылғанымен облыс билігінің қолдауының және «АМАNAT» партиясының спорттық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына енуінің арқасында сәтті аяқталды.
Бүгінгі таңда дене шынықтыру - сауықтыру орталығы мектеп оқушыларынан бастап кәсіби спортшыларға шынығуға қолайлы орта болды. Мұнда спортпен шұғылдануға, түрлі жарыстар ұйымдастыруға, сауықтыру шараларын өткізуге қолайлы жағдайлар жасалған.
Бұқаралық спортты дамыту, ауыл тұрғындарына қолжетімді жағдай жасау – партиямыздың басым бағыттарының бірі. Біз мұндай нысандар облыстың әр ауданында халыққа қызмет етуі үшін осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз.