Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1, 5-тармақтарына және 11-бабының 1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында келесі жобалар қаралып, талқыланды және ұсыныстар берілді:
- «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/142-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;
- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 23/265-VI «Шығыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының қаулысының жобасы;
- «Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешім жобасы;
- «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат шешімінің жобасы;
- «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімінің жобасы;
- «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау,
күтiп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/98-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімінің жобасы;
- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірлескен қаулысының және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысының Өскемен және Риддер қалаларының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы» шешімінің жобасы;
- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік нышанын бекіту туралы» қаулысының жобасы.
- Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша полиция департаментінің Штаб басшысы Камзин Дидар Нұғымарұлының 2025 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы туралы есебі тыңдалып, Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берілді. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін бірқатар Кеңес мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.
Отырыста, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Ұлан аудандық филиалының мектепке дейінгі білім беру саласындағы кәсіпкерлердің түйткілді мәселелеріне қатысты өтініші қаралды.