Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясы 2025 жылғы 15 қазанда сағат 10.00-де облыс әкімдігі ғимаратында (М.Горький көшесі, 40, 1-қабат) өтеді.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 9.00-ден басталады.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
1. Облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі.
Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
2. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, жылумен қамту ұйымдарын, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді 2025-2026 жылдардың жылыту маусымына дайындау қорытындылары туралы ақпарат.
Нұрлан Сағибекұлы Рамазанов - Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
3. Әртүрлі мәселелер.
Сессияны дайындауға жауапты адам: Олег Васильевич Чугунков, жұмыс телефоны 8(7232)71-31-94, электрондық пошта мекенжайы info@vkomaslihat.gov.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Д. Рыпаков