Шығыс Қазақстанда "Altay Invest-2025"халықаралық инвестициялық форумы басталды

Шығыс Қазақстанда "Altay Invest-2025"халықаралық инвестициялық форумы басталды

Форум өңірдің даму перспективаларын, инвестициялық әлеуетін және ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерді талқылау үшін әртүрлі елдердің бизнес өкілдерін, билік өкілдерін және сарапшыларын жинады.

Форум аясында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 24-ші отырысы өтті.

Отырыста мынадай мәселелер қаралды:

  1. Екіжақты туризмді дамыту мақсатында екі ел азаматтарының мемлекеттік шекарадан өту шарттарын оңайлату туралы;
  2. Екі елдің туристік инфрақұрылымының көліктік қолжетімділігін арттыру және оны дамыту туралы;
  3. Бірлескен туристік бағдарламаларды әзірлеу туралы;
  4. Комиссияның 23-ші отырысының хаттамасын орындау туралы;
  5. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 25-ші отырысын өткізу туралы.

"Altay Invest-2025" форумының өткізілуі шетелдік әріптестердің Қазақстанға деген жоғары қызығушылығын растайды, ынтымақтастық үшін жаңа перспективалар ашады және еліміздің халықаралық аренадағы инвестициялық имиджін нығайтуға ықпал етеді.