Бұл жай ғана құрылыс емес - бұл бүкіл аудан үшін көптен күткен оқиға.
Іргетасы дайын, бірінші қабаты тұрғызылған, екінші қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылдың соңына дейін мұнда150 балаға арналған заманауи оқу ғимараты пайда болады, балалардың 30-ы шағын орталыққа бара алады.
Айта кеткім келетіні: бұл аудандағы соңғы 40 жылдағы алғашқы жаңа мектеп! Соңғы мектеп 80-ші жылдары салынған. Сондықтан ата-аналар, мұғалімдер және ең бастысы балалар үшін бұл үлкен қуаныш және жақсы болашаққа деген үміт.
Сапалы білім - бұл біздің балаларымызға бере алатын басты капиталымыз. Жаңа мектеп - бұл жайлы сыныптар, заманауи жабдықтар, шығармашылық пен білімге арналған кеңістік.
Самар ауданы үшін бұл дамудың жаңа кезеңі, ал балалар үшін табысты болашаққа жолдама болатынына сенімдімін.