Қазіргі уақытта сумен жабдықтау желілерін көше инфрақұрылымына қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, тұрақты сумен қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Дәрігерлік амбулатория ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл нысанның маңызы зор. Жұмыстың сапалы әрі уақытында орындалуы біздің бақылауда.
Қазіргі таңда мал қорымының аумағында «Ұлан мал дәрігері» МҚК санитарлық нормаларға сай барлық қажетті дезинфекциялық шараларды жүргізуде.
Әр жұмыстың жүзеге асырылуы біздің назарда. Тұрғындардың өмір сүру сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту – біздің басты міндетіміз.
Фото: Altainews