Ол Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дағы «Лу Бань шеберханасы» базасында өтті. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық аясында құрылған заманауи оқу алаңы.
Техникалық білім беруді дамыту, жаңа технологияларды енгізу және сұранысқа ие мамандарды даярлау мәселелері талқыланды. Кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
Бүгінгі таңда «Лу Бань шеберханасы» - болашақ инженерлер үшін бастама. Орталықтың түлектері жақын арада өндірісте сұранысқа ие инженерлер атанады. Бұл Мемлекет басшысының «Еңбек адамы - экономиканың басты тірегі» деп белгілеген саясатының іс жүзінде орындалуының үлгісі болады.