Сіздерді мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасының Астанасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Астана Қазақ мемлекетінің мықтылығы мен орнықтылығының бейнесі іспеттес, ол еліміздің саяси, іскерлік және мәдени өмірінің орталығы болып табылады. Елорда тәуелсіздік жылдары қарқынды дамып, барлық адамдарға құшағын жайған заманауи алып шаһарға айналды.
Осы мерейлі мерекеде барша қазақстандықтарға зор денсаулық, амандық, бейбітшілік және еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз!
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты