2025 жылғы 4 шілдеде Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясының отырысы өтті

2025 жылғы 4 шілдеде Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясының отырысы өтті

Сессия жұмысына 9 депутат, Глубокое ауданы әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, аудандық басқармалар мен дербес бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1. Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 19/4-VIII «Глубокое ауданының 2025-2027 жылдарға арналған кенттер, ауылдар мен ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Калижаров Даурен Кадылканович сөз сөйледі, ол ауылдық округтердің бюджеттеріне енгізілген өзгерістер туралы айтты.

2025 жылға арналған бюджеттің 4 деңгейінің параметрлерін нақтылау үшін негіз болды:

- 2025 жылға арналған бюджеттің жоғары тұрған деңгейінен нысаналы трансферттер көлемін өзгерту;

- 4 деңгейдегі бюджеттің өз кірістерін түзету;

Ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдері тарапынан жүргізілген талдау және ұсынылған бюджеттік өтінімдердің қорытындылары бойынша қаражат, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасының ұлғаюына байланысты бюджеттің 4-деңгейдегі меншікті кірістерін ұлғайту есебінен аудандық бюджеттен берілетін трансферттердің азаюы көзделеді. Әрбір ауылдық округ бойынша кіріс бөлігінде ұлғайтылған сома және бұл қаражат қайда жұмсалғаны айтылды.

Талқылаудан кейін шешімдер бірауыздан қабылданды.