Жуырда Ұлан ауданының тұрғындарына қабылдау өткіздім. Кездесуге ауданның мүгедектер қоғамының белсенділері, жергілікті халық келді. Біз тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді талқыладық:
— ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін жақсарту;
— мүгедектер үшін жұмыс орындарын құру;
— аудан паралимпиадашыларының спортпен шұғылдануына жағдай жасау;
— жер учаскелерін тіркеу;
— білім беруді дамытуға жағдай жасау.
Кездесуде инклюзия мәселелеріне және қолжетімді орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Әрбір өтініш жазылды. Кейбір мәселелер шешімін тапты. Кейбірі тиісті органдардың бақылауына алынды. Біз тыңдап, жауап беруге міндеттіміз – бұл билік пен халық арасындағы сенімнің негізі.
Келгендердің барлығына рахмет. Осылай көзбе-көз тілдесу арқылы ғана нақты шешім табуға болады. Жұмыс жалғасады.