Сағат 14.30-да облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстары өтті. Тұрақты комиссиялардың отырыстарында «Самар және Ұлан аудандарының көп балалы отбасылары және әлеуметтік осал топтары үшін 2025 жылы «Бір қабатты Шығыс» өңірлік жобасы бойынша үйлер салудың барысы туралы» мәселе қаралды. Депутаттар алдында Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы орынбасарының м.а. Жазира Хизатуллақызы Мамырбекова баяндама жасады.
«Облыстың және Өскемен қаласының білім беру мекемелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлары туралы» мәселе бойынша депутаттарды Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Жанғазы Жұмағазыұлы Әліпбаев хабардар етті.
Сондай-ақ, комиссия мүшелерінің қарауына әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебінің жобасы шығарылды.
Сағат 16.00-де облыстық мәслихаттың барлық тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Бірлескен отырыста Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы А.Н.Есентаев, Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Р.Б.Акрамов, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Д.С.Рыпаков мәслихаттың кезекті ХХІІ сессиясының күн тәртібіне енгізілген шешімдердің жобаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп сөз сөйледі.